Педагогтерге арналған конкурс жарияланды
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерге арналған конкурс жариялады.
Министрліктің хабарлауынша, республикалық педагогикалық шеберлік конкурсында арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтері анықталады.
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, қатысушылар бес номинация бойынша сынға түседі. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.
Конкурсқа арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады. Бірінші кезеңде қатысушылар сабақтың бейнежазбасын конспект жоспарымен қоса ұсынуы керек. Екінші кезеңде кәсіби қызмет туралы портфолио, әдістемелік жүйелер және жұмыс тәжірибесі туралы презентация дайындайды.
Айта кетейік, байқау жыл сайын өткізіледі. Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады. Толық ақпаратты сілтеме арқылы сайттан алуға болады.