Педагогтердің құқықтарын бұзғандар қатаң жазаланбақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Елімізде педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша нақты шаралар қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап педагогті кәсіби қызметіне қатысы жоқ әр түрлі жұмыстарға тартуға жол бермейтін, педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа нормалар күшіне енді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

«Бүгінгі күні Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттерін жүктеу фактісі бойынша Қостанай облысындағы орта мектеп директорына «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды», — делінген баспасөз хабарламасында.    

Осылайша, министрлік білім беру саласындағы уәкілетті орган педагогтердің   Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын азаматтық және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолданатыны туралы ескерту жасап, қандай жазаға тартылатындары туралы айтып берді.    

«Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының екі мектебінің директорларына мұғалімдерді оқу кабинеттерін жөндеуге тартқаны және педагогтерден ҚР заңнамасында көзделмеген есептілікті талап еткені үшін «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында мектеп мұғалімінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздермен қорлау жағдайы анықталды. Аталған құқық бұзушылық үшін бесінші сынып оқушысының ата-анасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды», — дейді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

stan.kz