Педагогтер жұмысқа енді жаңа форматта қабылданады

0

1 сәуірден бастап ҚР Білім министрлігі Ұлттық білім беру деректер базасында педагогтарды мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігі.

Сондай-ақ аттестаттау үшін құжаттарды тапсыру бойынша автоматтандыру енгізілуде. Енді педагогтердің барлық мәліметтері «педагог портфолиосы» модулінде көрсетілетін болады – бұл педагогтың электрондық құжаты, ол мынадай бөлімдерден тұрады: ПЕДАГОГ ТУРАЛЫ, білім туралы, денсаулық жағдайы туралы, жұмыс тәжірибесі туралы, құқық бұзушылықтар туралы, аттестаттаудан өту, марапаттар, тәлімгерлік, цифрлық құжаттар туралы ақпарат.

«Ашықтық пен есеп беру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты рөл атқарады. Осы модульдерді енгізе отырып, педагогтерді жұмысқа орналастыру кезінде қағаз құжат айналымын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық жою жоспарлануда. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды», — деп атап өтті ҚР ПМ цифрландыру департаменті директорының орынбасары Майра Маралбаева.

Фото: Freepik