Печеньенің ішінен адамның тісі шықты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дәрігер тістің шіріп, түбімен түскенін анықтаған. Ол шамамен елу жастағы әйелдікі болуы мүмкін деп болжанды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Англиядағы Глостершир графтығының дәрігері зімбір печеньесінен адамның тісін тапты, деп жазды The Sun басылымы.

90 жастағы Джордж Бердвуд күн сайын таңертең печенье сатып алып, оны шаймен ішіп жүрген. Алайда бір күні ол печеньені жеген кезде қатты затты сезген. Кейін оның тіс екенін көріп, жағасын ұстаған. Дәрігер тіс шіріп, түбімен түскенін айтады.

Джордж Бердвуд печеньенің ішінен шыққан тіс 50 жастағы әйелдікі деген ойда. Ол печеньені дайындаған кезде тіс ұнға түсіп кетуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды

Зейнеткер өнімді дайындаған компанияға хат та жазыпты. Алайда жөнді жауап ала алмаған.

«Тамақтың қауіпсіз болуы – басты міндетіміз. Біз тұтынушылардың арызына үлкен жауапкершілікпен қараймыз, — делінген хабарламада.

Компания өкілдері дәрігермен сөйлескенін, оған тергеу жұмысын жүргізу үшін тісті жіберуді сұрағанын айтты.



sputniknews.kz