Павлодарлық зағиптар жаңа өнім шығаратын цех ашты

0
28 Желтоқсан 2018, 20:35 191 0

Астана, BAQ.KZ. Қазақ зағиптар қоғамының облыстық филиалы жанында жаңа қондырғылармен жабдықталған цех жұмысын бастады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Зағиптар қоғамының бас инженері Ораз Байғожиннің айтуына қарағанда, өндіріс орны бұған дейін де жұмыс істеген. Тек биылдан бастап қоғам мүшелері цехте жаңа өнім шығаруға бел буған.

«Ол үшін өзімізде бар экструдерді ресейлік мамандардың көмегімен модернизацияладық. Соның арқасында жиһаздық жиек (кант) шығаруға мүмкіндік алдық. Ол жиһаз жасау өндірісінде кеңінен қолданылады. Оған дейін цехте шығарылған ПВХ құбырларға деген сұраныстың азаюы себебі осындай шешім шығардық», — дейді Ораз Байғожин.

Сонымен бірге, цехте термопластавтомат қондырғысы орнатылды. Ол әртүрлі пластикалық бұйымдарды шығаруға арналған. Оның көмегімен өнім шығару алдағы уақыттың еншісінде. Зағиптар қоғамы барлық модернизациялық жұмыстарды өз қаражатына өткізгенін айта кеткен жөн.

Ораз Байғожиннің айтуынша, кәсіпорын бұдан бөлек арнайы тапсырыс бойынша Алюминий зауытына фильтрлер шығарумен айналысады. Ол фильтрлер зауыттың тазалау қондырғыларында пайдаланылады. Сонымен бірге, Зағиптар қоғамының жұмыскерлері төсек-орындар да шығаруға мүмкіндігі бар. Жеке тапсырыстар да орындалады.

Кәсіпорында 87 адам еңбек етеді. Олардың жартысынан көбі көру көру қабілеті бұзылған азаматтар.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ