Павлодарлық Сәния Темірханова 2019 жылғы «Қазақ аруы» атанды

0
99

Жеңімпаз тәжді киген соң эмоцияға ерік беріп, әрбір қыз «Қазақ аруы» атағына лайық екенін атап өтті

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Павлодарлық Сәния Темірханова «Қазақ аруы» сұлулық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші орынды қарағандылық Айханым Орынбекова, екінші орынды астаналық Анна Вайдурова иеленді, ал үшінші орынды қазылар алқасы Павлодар өкілі Сая Тұрсынбековаға берді.

  «Қазақ аруы-2019» атанған Сәния Темірханова кітап оқығанды жақсы көреді. Бойжеткен Мұқағали Мақатаевтың жүз өлеңін жатқа білетінін айтты. Жүргізуші шығармалардың алғашқы бір-екі жолын оқып тексеріп көріп еді, Сәния сынақтан сүрінбей өтті.

«Өте қуаныштымын, біз бір айға жуық дайындалдық. Әрбір қыз «Қазақ аруы» атануға лайық. Бұл мәртебені жыл бойы лайықты алып жүремін деген ойдамын», – деді Темірханова.

Қазылар алқасында танымал тұлғалар, оның ішінде тележүргізуші Айгүл Мүкей, Динара Сәтжан, әнші Қарақат Әбілдина, актер Ерік Жолжақсынов және тағы басқалар бар. Қазылар алқасының төрағасы – парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

  «Қазақ аруы» – қазақстандық белгілі продюсер Баян Алагөзова өткізетін сұлулық байқауы. Оған еліміздің барлық өңірінен 16-20 жас аралығындағы қыздар қатысады.

 2019 жылы конкурс тоғызыншы рет өткізілді.



sputniknews.kz