Павлодарлық полицейлер бір аптада 70-тен астам ұрлықтың алдын алды
2018 жылғы 10 желтоқсан 04:18 19
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат — Бір апта бойы көпқабатты үйлердің ауласын патрульдеген павлодарлық полицейлер есік-терезесі жабылмаған, жүксалғышы ашық қалған 70-ке жуық автомашинаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметін хабарлады.
«Мысалы, Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында «Мерседес» автокөлігінің есігі ашық қалған. Салонның ішінде көрінетін жерде тері бұйымдары мен басқа да бағалы заттар болған. Бұдан басқа, «Тойота Королла» автокөлігінің иесі қымбат телефоны мен құжаттарынан айырылып қала жаздады. Полиция қызметкерлері автокөлік иелерін анықтап, олармен алдын ала әңгіме жүргізген», — дейді департаментте.
Полиция қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау мүлікті ұрлау, сондай-ақ автомобильді зақымдау қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретінін еске салады.