Павлодарлық диқандар мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр

0
23 Желтоқсан 2018, 14:52 242 0

Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысының шаруа қожалықтары дәнекерлеуші, металл жонушы, және тракторшылар мен комбайншылар сияқты мамандарға зәру, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Владимир Берковский жеткізді.

Мәселенің ушыққаны соншалық шаруа қожалықтары басшыларының басым бөлігі жұмыскерлерді Өзбекстан, Грузия мен Қырғызстаннан шақыруға мәжбүр.

Владимир Берковскийдің айтуынша, әрбір ауданда кадрларды дайындаумен айналысатын агротехникалық колледждер жұмыс істейді. Алайда олар ауылдың шынайы қажеттіліктерін қанағаттандыра алмай отыр екен.

Мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен екі ауылдық колледж ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына басқаруға берілген. ЯғниТереңкөл агротехникалық колледжі «Агро Даму» компаниясына, ал Ертіс аудандық колледжі «Оразбай» шаруа қожалығының иелігіне беріліпті.

«Сонымен қатар аграрлық колледждердің Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі жанында топтасуы жалғасуда. Теориялық оқыту Красноармейкада жүреді де, өндірістік тәжірибе ауыл шаруашылығы кооперативтерінде өткізіледі. Бұл шаруашылықтар тиісті техникамен қамтамасыздандырылған. Сондықтан осы арқылы мықты мамандар даярлай аламыз, — дейді Владимир Берковский Қазақстан фермерлер Одағының есеп беру-сайлау конференциясында.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ