Павлодарлық бес имам «Қажылық» қорынан жалақы алатын болды Барлық құқығы қорғалған.

0

Жалақы берілетін имамдар ең алдымен әлеуметтік жағдайларына қарай таңдалынып алынды.

ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті діни қызметкерлерге жалақы төлене бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының мәлімдеуінше, республикалық қордан әр адамға 50 000 теңге көлемінде жыл бойы міндетті түрде жалақы төлеу туралы шешім шығарылды.

[quote- Жалақы берілетін имамдар ең алдымен әлеуметтік жағдайларына қарай таңдалынып алынды, — деді Амантай Тойшыбайұлы. — Барлығы көп балалы азаматтар. Арнай білімдері бар, ұзақ қызмет етуді мақсат тұтқан жастар. Оған қоса, қызмет атқарып жатқан мешіттері өз-өзін қамтамасыз ете алмайтын ауылдық жердің мешіттері.

Павлодар облысы бойынша бес имамға «Қажылық» қордан төленетін еңбекақыны «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев табыс етті.

— Қазақстан мұслымандарының діни басқармасы имам-молдаларға қаржылай қолдау жолдарын жан-жақты қарастырып жатыр, — деді Қанат Қабаев. – Осының бірі «Қажылық» қоры арқылы еліміз бойынша 100-ден аса дін қызметкеріне жалақы төлейді. Олардың ішінде біздің облыстан Солнечный кенті мешітінің наиб имамы, Иса Байзақов ауылы, Қызылтаң ауылы, Қароба ауылы және Есқара ауылы мешіттерінің дін қызметкерлері еніп отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/