Павлодарлық алты жасар суретші қыз Чехиядан жүлдемен оралды

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 01:45 292

Павлодарлық алты жасар суретші қыз Чехиядан жүлдемен оралды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат — № 2 балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Аня Кудинова Чехияның Лидиц қаласында өткен «Су — алтыннан да қымбат» атты 46-шы Халықаралық көркем туындылар көрмесінен олжалы оралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Биыл байқауға Қытай, Жапония, Филиппин, Үндістан, Кения, Малайзия, Шри-Ланка, Зимбабве сияқты барлығы әлемнің 79 елінен 2900 адам қатысқан. Бұл рекордтық кқрсеткіш болып отыр.

«Шараға мектеп оқушыларының 17 суреті жіберілді. 6 жасар Аня Кудинова «Суда» жұмысы үшін құрмет грамотасымен марапатталып, байқаудың жинақтау көрмесі құрамына енді. Аня өзінің композициясын гуашь бояуларын пайдалана отырып, сүйікті кескіндеме техникасында орындады. Ол аталмыш мектепте екінші жыл білім алуда. Осы аралықта бірнеше рет әртүрлі сайыстарға қатысып үлгерді. Сайыс қатысушысын кескіндеме пәнінің тәжірибелі маманы, мектеп басшысы Наталья Герусова дайындады»,-дейді қалалық білім бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, комиссия мүшелері қатысушылар арасынан ең үздік деп танылып, марапатқа ие болған 1246 жұмысты іріктеп алды. Бұл іс-шара ЮНЕСКО-ның қолдауымен Чех республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастырды. Болашақта өтетін сайыстың тақырыбы «Химия» болмақ.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz