Павлодарлық 4 жасар қызының көзінше экс-әйелінің бетіне оқ атты

0

Павлодарлық әйелдің бетіне бұрынғы күйеуі оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, мұның барлығын кішкене қыз көрген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Камзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде болды.

«Үйде болдым, бірнәрсенің қатты дауысын және баланың жылап жатқанын естідім. Терезеге қарадым да, подъездің жанында тұрған көліктің жүріп бара жатқанын көрдім. Қараңғы болды. Кейін сирена, жедел жәрдем келді, жерде бір адамның жатқанын көрдім. Көшеге шыққан едім, бір көршім әйелдің бұрынғы күйеуі үйінде қонған қызын алып келгенде марқұмның жігітпен тұрғанын айтты. Бұрынғы күйеуі ашумен әйелге оқ атып, қызымен бірге жасырынып қалған. Барлығы кішкене баланың көзінше болды», — деді Камзин көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғыны.

Басқа әйел оқ атылған кезде күйеуімен бірге дүкенде болған. Олар оқ дауысын естіп сыртқа шыққан.

«Баланың айқайы, кейін мотор дауысы естілді. Жерде біреу жатты. Жанында адамдар болды. Кейін полиция мен жедел жәрдем келді, барлығын қоршап алды. Көршілерден төртінші подъезде тұратын жас әйелді өлтіріп кеткенін естідім. Марқұмды жақын таныған емеспін. Бірақ оның аулада, салонда қызымен бірге жүргенін көретінмін, өзі шаштараз болатын. Сүйкімді, күлімсіреп жүретін әйел», — деді көрші үйдің тұрғыны.

Ал жақын туыстары павлодарлықтың 30 жаста екенін айтты. Бұрынғы күйеуімен ажырасқанына екі жылға жуық уақыт болған. Бірақ ол күйеуіне ортақ 4 жасар қызын алып кетіп, араласуға келісімін берген.

Тергеу ер адамның неге бұлай жасағанын және көлігінде мылтықтың қайдан жүргенін анықтап жатыр.

Полициядағылар қылмыскердің ұсталғанын айтты.