Павлодардағы жарылыс: Зардап шегушінің денесінің 50 пайызы күйіп қалған — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Павлодарда полиция 5 қабатты үйлердің бірінде болған жарылысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқыс оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған еді.

Павлодардағы жарылыс: Зардап шегушінің денесінің 50 пайызы күйіп қалған

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жарылыс кезінде бір адам қатты зардап шеккен. Оның денесінің 50 пайызы күйіп қалыпты. Жарылыс салдарынан ер адамның беті, кеудесі, қолы мен аяғы күйген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Ер адам ауруханаға жеткізілгенде есін біліп жатқан. Алайда болған жайт туралы ештеңе айта алмапты.

Бүгінде барлық тұрғын өз пәтерлеріне қайтып келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz