Павлодардағы оқушылар сарайында «Bala buisness» технопаркі жұмыс жасайды
Мысалы, 3D-үлгілеу зертханасы тағы бір цифрлы білім беру ресурсымен жұмыс істейді. ІТ-сыныпта оқушылар еуропалық білім стандартына сай қарапайым алгоритмдердің тізбесін, бағдарлау мен Web-сайттарды, компьютер ойындарын, анимацияларды жасауды үйренеді.
Жуырда облыстық Білім басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» өткізген байқауда Оқушылар сарайының робототехника клубының тәрбиеленушілері Нұрат Татенов, Ғалымжан Әбішев «Lego- дағы робототехника бойынша жобасы» бойынша «Шоколад сататын сауда автоматы» жобалары жеңіске жетті.
Сонымен қатар, балалар технопарктің Инновациялық алаңында тәжірибелік және коммерциялық мақсатта пластик материалдардан бұйымдар жасайды. Әрбір ата-ана балаларын 3D моделі үлгімен компьютерде жасалған нақты нысанды құру үшін үйірмеге әкеле алады.
Қазір Стартап-академия, бизнес-инкубатор технопаркінде бизнеске әуес оқушылар көп.
Ал, «Bala-business стартап»-жобасының мақсаты-кәсіпкерлер мен өндірістік сектордың назарын балалар идеясына аудару, идеялар мен әзірлемелердің ықтимал тапсырыс берушілермен кездесуін ұйымдастыру.
IT-сыныбында IT-ресурстар, цифрлык білім алу ресурстарына көңіл бөлінген. Бұл жерде озық ойлы, зерек оқушылар Corel, Photoshop, AutoCAD бағдарламаларын игеріп, болашақ мамандықтарына жол ашады.
Жаңа сыныптар «Нұр Отан» партиясының «Ыбырай» «Қазақстанның жас бағдарламашылар Лигасы» қорымен бірлескен бастамалық жобаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
Біз көргеніміздей, технопарк зертханада балалар құрылымдаумен ғана шұғылданбайды, сонымен қоса LEGOEducation, Ардуин, 4WD платформалары, робот-манипулятормен жұмыс істейді екен. Өндірісте іске асырылатын жобалар жасайды, дене жұмысын робот жүйесімен ауыстырумен айналысады.
Технопарктің бағдарламалар жинағына бейнемонтаж зертханасы кіреді. Сарайдың жұмысы LuchTVна Youtube com телеарнасында көрініс табады; әлеуметтік Байланыс желісінде жастар ақпараттар агенттігі «Sкриншот» жұмыс істейді.
Зертханада ойын ойнауға, суретке түсуге, балалардың сана-сезімін өсіруге барлық мүмкіндік жасалған.
Жуырда оқушыларға жаңа заман талабына сай жаңашылдыққа үйретіп, тәрбиелеп жүрген Оқушылар сарайы 40 жылдық мерейтойын атап өтті.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР