Павлодардағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Көршілері не болғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Павлодарда бес қабатты үйде бір адамның өлімі мен тағы екі адамның зардап шегуіне алып келген жарылыстың себебі оқ-дәрі болған. Зардап шеккендердің көршілері осындай нұсқаны айтып отыр.

Павлодардағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Көршілері не болғанын айтты

Сурет: Sputnik Қазақстан/Василий Голышкин/ Коллаж Stan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Еске сала кетсек, жарылыс кеше, 6 наурызда, Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер барды. Жарылыс салдарынан 1965 және 1992 жылдары туған екі  әйел жарақат алды. Сондай-ақ, 35 жастағы ер адамның денесі табылды. Ас бөлмесі өртеніп, 8 шаршы метрді шарпыған. 

Зардап шеккендердің көршісі Светлана Никиктинаның айтуынша, зардап шеккендер асүйде отырған кезде ішінде оқ-дәрі бар қорапты тұтатқан. Олардың неліктен бұлай жасағанын және оқ-дәрінің қайдан келгенін айту қиын. Әйелдің сөзінше, көршілері аңшылықпен немесе балық аулаумен әуестенбеген.

«Жарылған кезде өте қорқынышты болды. Қара қою түтін басып, жағымсыз, тұншықтыратын иіс алып кетті», — деп еске алады Никитина.

Светлана бірден полиция, ТЖД және жедел жәрдем шақырыпты. Барлығы жылдам келіп, бірден тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен. Айтуынша, Асқар және Қайрат есімді екі полиция қызметкері ерекше көзге түскен. Олар өрт сөндірушілермен бірге пәтерлерден қара түтінге тұншыққан балаларды алып шығыпты.

«Пәтерде оқушы қыздың болмағаны жақсы болды. Әйтпесе ол да зардап шегетін еді», — дейді әйел.

Бұған дейін көпқабатты үй жатақхана болған екен. Алайда қазір тұрғын үй статусы бар.

Жарылыс болған пәтерде жұмыс істеп жатқан криминалистер пікір білдіруден бас тартты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz