Павлодардағы көппәтерлі тұрғын үйде болған жарылыстың себебі анықталды

0

Екі бөлмелі пәтердегі жарылысқа оқ-дәрі ұнтағы себеп болған.

Павлодарда көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында болған жарылыстың жай-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мамандары тексеріс нәтижелерін жариялады. Екі бөлмелі пәтердегі жарылысқа оқ-дәрі ұнтағы себеп болған. Жарылғыш заттарды пәтер иесінің танысы қоқыстан тауып алып, сатпақшы болған деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетсек, кеше оқыс оқиғаның салдарынан сегіз шаршы метрлік аумақ отқа оранды. 32 жастағы азамат ыстан уланып, денесін күйік шалды. Бүгінде зардап шеккен ер адам ауруханада жатыр. Ал пәтер иесі көз жұмды. Қазір ҚР Қылмыстық Кодекстің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Юрий Колесников, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Жедел шаралар нәтижесінде оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Пәтер иесінің танысы жақын маңдағы қоқыстан оқ-дәрі ұнтағының алты қаптамасын тауып алған. Үйге әкеліп, жарамдылығын тексермекші болған. Соңы өртке ұласты. Қос азамат бұрын істі болған. Әлеуметтік әлжуаз топқа жататын тұрғындар ішімдікке бой ұрған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz