Павлодардағы көпірде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

0

«24 желтоқсан күні сағат 18:04-те Павлодар-Шарбақты күре жолындағы көпірде Honda Stepwagon көлігі мен Volvo қалалық маршруттық автобусы соқтығысты», — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті департамент өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат