Павлодарда жатақханадағы жарылыстан бір адам мерт болды
6 наурызда Павлодарда бес қабатты жатақхана жарылып, бір адам мерт болған. Бір адам жарақаттанған. Бұл туралы Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, жарылыс неден болғаны белгісіз. Жатақханада тұрып жатқан отбасылар газ баллонын да, газ плиткасын да пайдаланбаған. Қазір төтенше жағдай мамандары өрттің шығу себебін тексеріп жатыр.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жатақхана маңайын полиция қоршап тұр.