Павлодарда жаңа науқас тіркелген жоқ — министрлік — Қазақстан жаңалықтары

0
75

Коронавирусты жұқтырған соңғы павлодарлық науқас елордада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Ресми түрде бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр. Бірақ коронавирус инфекциясын анықтау бойынша күнделікті жүргізілген зерттеулердің көп болуына байланысты, осы науқастың талдамасы Павлодар облысына жіберілді», — делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 науқас тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 336-ға жетті деп айтылған еді. Ауру жұқтырған бір науқас Павлодар қаласында тіркелді деген хабар таралған.

stan.kz