Павлодарда ВАЗ маркалы 12 көлікті ұрлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Тұтқындалған азаматтарға қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды.
Павлодар қаласы Полиция басқармасының Криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлады деген күдікпен 21-27 жастағы екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
«Олар көбінесе ВАЗ маркалы автомашиналарды назарға алған. Сондай-ақ, аккумулятор ұрлады деген күдікпен төрт факті тіркелді. Ұрлық қазан айынан бастап қаңтарға дейін Павлодар қаласында және облыс аудандарында жасалған. Машиналар бөлшектелген түрде алынды», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қазақстан |Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілер Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/