Павлодарда үйінде апиын дайындаған адам ұсталды
39 жастағы адамды жедел іс-шаралар барысында анықталды.
Павлодарда апиын дайындады деген күдікпен 39 жастағы тұрғын құрықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
— 39 жастағы адамды жедел іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол өз пәтерінде ас көкнәрінен экстракциялық апиынды дайындау бойынша притон ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, — деді департаментте.
Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша (ірі көлемде есірткі құралдарын дайындау және сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Айта кеткен жөн, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасы бойынша есірткінің алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz