Павлодарда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ertis Olympic бассейні ашылды

0

2018 жылғы 13 желтоқсан 00:59 80

Павлодарда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ertis Olympic бассейні ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат — Облыс орталығының Усолка шағынауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында олимпиадалық стандарттағы 50 метрлік Ertis Olympic бассейнінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Нысанның іске қосылуына қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов тұрғындарды алдағы еліміздің егемендік мерекесімен құттықтады.

Павлодарда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ertis Olympic бассейні ашылды

«Мемлекет басшысы дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болатынын және спорттың бұқаралық сипатын дамыту еліміздің стартегиялық басым бағыттарының бірі екенін атап өткен болатын.

 Елбасы өз Жолдауында 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын спортқа тарту туралы міндет қойған. Бүгінде аймақта көптеген спорттық нысандар бой көтеруде. Мұз аренасының құрылысы аяқталуда. Келесі жылы үш ауқымды жоба іске асырылады. Сондай-ақ, жабық жеңіл атлетикалық футбол манежі мен олимпиадалық резервті дайындау орталығын атап өтуге болады»,- деді Болат Бақауов.

 

Павлодарда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ertis Olympic бассейні ашылды

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан демеушілер ERG Тобы, KAZ Minerals, «ЦАТЭК» АҚ тұрғындардың атынан алғысын білдірді.

«Бұл бассейін өндіріс алпауыттары, әлеуметтік серіктестердің қолдауымен салынған.

 Жүзу — олимпиадалық спорттың маңызды түрі. Біздің облыста спорттың бұл түрімен 5000-нан астам адам айналысады. Оның ішінде 80-і Қазақстанның ұлттық құрама командасына кіреді. Мұндай спорттық нысандар халықаралық дәрежеде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Нысанның салынған орны бекерге таңдалып алынбаған. 30 жыл бұрын мұнда батпақты аумақ болған. Ертіс алқабының бір бөлігі құрылысқа жарамайтын еді. Алайда, аға буын өкілдерінің арқасында кептіру бойынша гидромеханикалық жұмыстар жүргізілді», — деп атап өтті ол.

Павлодарда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ertis Olympic бассейні ашылды

ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Павлодар облысында спорттық нысанның құрылысына компанияның үлес қосқаны үлкен қуаныш екенін атап өтті.

«Павлодар облысында болғаныма 25 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінгі бассейннің іске қосылуы мемлекеттің дұрыс бағытта дамып келе жатқандығының айқын дәлелі»,  — дейді Александр Машкевич.

Облыс әкімі 90 жылдың басында салына бастаған Усолка шағынауданының бүгінгі күні қатты өзгергеніне тоқталды.  Шапшаң дамып келе жатқан ауданда қазіргі таңда 100 мыңдай адам тұрады. Оның үштен бір бөлігін жастар құрайды. Кезінде тұрғындар бұл ауданнан пәтер алғысы келмейтін. Қазір осы жерден орын алған кардиологиялық орталықта 15 мыңнан астам ота, оның ішінде бес мыңы ашық жүректе жасалды. № 4 қалалық емхана, Назарбаев Зияткерлік мектебі, шаңғы-роллер базасы орналасқан, академиялық ескек бөлімі ашылған. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша және компаниялардың қолдауымен тұрғын үйлер бой көтеруде.

Еске сала кетейік, аталған нысанның құрылысы 2017 жылдың сәуір айында басталған болатын. 300 орындық мінберлері бар бассейн демеушілердің қаражатына бой көтерді. Жобаның жалпы құны 2,7 миллиард теңге. 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz