Павлодарда сапаржай маңындағы көлік тұрағы ақылы болмақ
Фото: pavlodarnews.kz
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында теміржол және автовокзал маңындағы көлік тұрақтарын қайта құру жоспарлануда. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетовтың айтуынша, бұл жерде Астана теміржол сапаржайындағы тәжірибе қолданылмақ. Яғни автотұрақ аумағы қоршалып, шлагбаум қойылады, ақылы жүйе енгізіледі.
Бұдан басқа, келер жылы индустриалдық-инновациялық даму басқармасы алдында тұрған міндеттердің бірі – оперативтік қызметтерді басқарудың жағдаяттық орталығын ашу. –
«Мұндай орталық іске қосылған кезде тұрғындар бірнеше телефон нөмірлерін термей, келеңсіз жағдайлар туралы бірыңғай нөмірге хабар бере алады. Бұл диспетчерлік қызметтердің жұмысын оңтайландырып, әрекет ету жылдамдығын арттырады», — дейді Нұрболат Сейітмағамбетов.
Сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнежазу жүйесі енгізу жоспарлануда. Қажет болған жағдайда шаһарымыздың әртүрлі жерінде орналастырылған камералары түсіріп алған азаматтың немен айналысқанын, қай жерлерде жүргенін анықтауға болады. Бұл қылмыстардың ашылуына зор көмегін тигізеді.
Жоспарға сәйкес, аталмыш жүйені енгізу аясында қаламызда кем дегенде бір мың бейнекамера орнату көзделіп отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ