Павлодарда сантехник ыстық суға күйіп өлді

0
100

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Трагедия 24 қараша күні болды. Қаза болған егде жастағы ер адам қалалық тұрғын үй иелері кооперативтерінің бірінде жұмыс істеген

ПАВЛОДАР, 24 қараша – Sputnik. Тұрғын үйдің жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) бірінің слесарь-сантехнигі қаза болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қараша күні сағат 13:15-те Әуезов көшесіндегі үйдің жертөлесінде болған. Алпыс жастағы ПИК-тің слесарь-сантехнигі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық суға күйіп қалған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды, деп жазылған полиция ведомствосының баспасөз хабарламасында.



sputniknews.kz