Павлодарда қоқыстан ер адамның мәйіті табылды

0
124
Сурет: RitaE

Павлодарда қоқыс жәшігінінен ер адамның мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары оның денесінде зорлық іздері бар екенін айтады. Полицейлер күдіктіні де анықтаған. Күдікке іліккен әйел адам болып отыр, деп хабарлайды astanatv.kz сайты.

Қоқыстағы мәйіт туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде демалыс күні жылдам тарап кетті. Онда мәйіттің бөлшектеліп тасталғана да айтылған.

Тәртіп сақшылары бүгін бұған қатысты ақпарат берлі. Олар мәйіттің табылғанын растағанымен, денесінің бөлшектелгенін жоққа шығарды.

«Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында тұрған қоқыс контейнерінің жанынан 38 жастағы ер адамның мәйітін таптық. Ол ішінен пышақ жарақатын алу салдарынан қайтыс болуы мүмкін. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел адам ұсталды», – деді ПД бастығының бірңнші орынбасары Қайыров.