Павлодарда қарияларды өлтірді деген күдікке ілінген ақталып шықты — новости Казахстана
Павлодарда 2018 жылы наурызда зейнеткерлерді пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынған Дархан Дүйсенаев ақталып шықты. Бір жылын қамауда өткізген 28 жастағы жігіт сот үкімін естігенде жылап жіберді деп хабарлайды КТК арнасы.
Прокурор Дүйсенаевты 21 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен. Алайда сот қажетті дәлелдердің аздығына байланысты оны ақтап шығарды.
Сонымен қатар марұмдардың балаларына 10 миллион моральдық өтемақы төлемейтін болды.
Естеріңіз сала кетейік, 76-78 жастағы ерлі-зайыпты қариялардың пышақталған денесі 2018 жылы ақпанда Майкайың кентінде табылған болатын.
Үй иелерін үй қызметшісі анықтаған. Көп ұзамай осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен полицейлер Дүйсенаевты қамауға алған еді. Бұған оның марқұмдарға тиесілі банк карточкаларын тауып, банкомат арқылы тексергені себеп болған.
Сол кезде Дархан Дүйсенаев жазықсыз қамауға алынды деген Майқайың елді мекені тұрғындары көшеге оның суретімен шығып, тіпті «Дархан жазықсыз!» атты петицияға 600 адам қол қойған болатын.
Дархан Дүйсенаевтың кінәсіз деп танылуына жәбірленуші тарап қарсылық білдіріп отыр.
Дереккөз: КТК арнасы
Дереккөз: kaz.nur.kz