Павлодарда қаңғыбас ер адам 8-9 жастағы екі баланы өлімші етіп ұрып тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарда бейтаныс ер адамнан жапа шеккен ағайынды екі бала ауруханаға түсті.

Павлодарда қаңғыбас ер адам 8-9 жастағы екі баланы өлімші етіп ұрып тастады

Оқиға 16 наурыз күні болды. Полиция 32 жастағы ер адамды ұстады. Анасының айтуынша, балалары темір өткізбек болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

«Біреулер балаларға металл берген. Олар бір нүктеге барып оны өткізбек болыпты. Оларға қаңғыбас ер адам кездесіп, көмектесетінін айтады. Ол темірді өткізуге көмектесіп, ақшаны өзі алады. Үйіне жүруін өтініп, балаларға ақшаны сол жерде беретінін жеткізеді. Балалар қарсы шыға бастайы. Коллекторға жақындағанда «үйіңіз қайда?» деп сұрайды. Сол кезде ер адам балаларды ұра бастайды. Өлтірем деп қорқытады», — дейді анасы Наталья Тушева.

Анасының айтуынша, балаларға үлкен кісілер қажетсіз темірлерді беріп, оны өткізіп балмұздақ алып жеңдер деген екен.

Анасы прокуратураға шағымданбақ. Екі бала бас ми жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Денесінің көп жері көгерген. Денсаулығы орта деңгейде деп бағаланды. Полиция істі тергеп жатыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz