Павлодарда полиция балаларды аңдыған 53 жастағы ер адамды ұстады

0

Павлодарда полицейлер балаларды аңдыған 53 жастағы ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Instagram-дағы Zhaloby_pavlodar парақшасында біртүрлі киініп, мектептің сыртында балаларды бақылап тұрған фото жарияланды. Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 мектебінің қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық оператор бос болмады. Ата-аналар, сақ болыңыздар! — деп жазылған хабарламада.

Полиция басқармасы жағдайға түсінік берді.

Кешкі сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 мектебінің жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол Павлодарда тұрады. Күдікті бөлімшеге жеткізіліп, оның кім екені анықталды, — деп жазылған хабарламада.

53 жастағы күдікті полициямен сөйлескенде өзін дұрыс ұстамаған. Содан кейін ол ауруханаға жатқызылды.