Павлодарда мұғалім тақтада есеп шығарып тұрған оқушының арқасына шеге сұққан (ВИДЕО)

Павлодарда № 26 мектептің математика пәнінің мұғалімі оқушыны тақтаға шақырып, ол есеп шығарып жатқанда баланың арқасына бұрандалы шеге тыққан. Бұл туралы баланың туыстарына болған жайтты жайып салғаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Баланың сөздері сыныпта орнатылған бақылау камерасындағы кадрлар растады.
Мұғалім бұл ретте ләм-мим деп жақ ашпады. Жасөспірімнің отбасы полицияға арыз жазды.
«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Мұғалімнің жұмыстан шығарылғаны белгілі.