Павлодарда марқұм жалғызбасты ананың банкте ақшасы барын ешкім білмеген

0
175
Photo: Tengrinews

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуратурасы жас балалардың ақшалай қаражатты мұраға алу құқығын ресімдеуге көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған әйел жалғызбасты болған.

«2016 жылы қайтыс болған әйел адамның банктердің біріндегі шотында 1,3 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаты қалғаны анықталды. Туыстары ақшаның бар екендігі туралы білмеген, алайда мұра бойынша ақша осы уақытқа дейін ресімделмеген. Бірінші кезекте оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған екі баласы мұрагерлері болып есептеледі, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Марқұм балалардың әкесімен некеге тіркелмеген, сондықтан оның мұрагерлік құқығы жоқ.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен ақшалай қаражат балаларға мұра ретінде берілді.