Павлодарда екі жасар қыз даладағы әжетханаға құлап кетті

0
58

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бала дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Павлодарда көшедегі дәретханаға екі жасар қыз құлап кетті.

Оқыс оқиға сәрсенбі, 3 шілде күні болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Сағат 13:25-те құтқарушыларға Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы шықты», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Құтқарушылар дәретхананың еденін ашып, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы оқыңыз: Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деп үш адам ажал құшты 

2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.  Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.



sputniknews.kz