Павлодарда екі сәби шәйнектегі суға күйіп қалған
Қазіргі таңда балалардың жағдайы тұрақты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 103 операторының нөміріне күйікке байланысты екі шақырту түскен.
«Екі жасар бала кездейсоқ қайнап тұрған шәйнекті абайсызда аударып алған. Нәтижесінде аяқтарының 3 пайызын бірінші, екінші дәрежелі күйік шалған. Екінші жағдайда зардап шеккен тоғыз жасар баланың оң жақ білегінің бір пайызы күйіп қалған.», – деді баспасөз хатшысы.
Екеуі де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды
Дереккөз: pavlodarnews.kz