Павлодарда «Бір толқында» концерті өтті

0

Бүгін Batyr Mall ойын-сауық орталғы мұз айдынында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Бір толқында» атты  үгіт-насихат концерті өтті.

Шараның мақсаты — «AMANAT» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихат депутатына үміткерлерді қолдау.

Концертке елімізге белгілі әншілер – Садраддин, Ринат Мальцагов, рэпер Аман Тойлат және «Адай», «Samiyan» тобы қатысып, жиналған үміткерлерді қолдаушыларға әсем ән және күмбірлі күйден шашу шашты.

ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткер азаматтарды қолдау форумының алғашқы сөзін «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко алып, барша үміткерлерге сәттілік тіледі.

— Құрметті жерлестер, құрметті достар! Сіздерді бүгінгі көрісу күні мерекесімен құттықтаймын. «AMANАT» партиясы – жаңару партиясы, бұл көпшіліктің қолдауына ие боғлан нақты істер партиясы. Бүгінгі күні біздің партияластар саны 50 мыңға жетті. Үгіт-насихат жұмысы басталған жиырма бес күнде біздің қатарымыз мыңнан астам жаңа партияластарға толықты. 14 сайлауалды штаб жұмысын жалғастыруда. Осы күндері екі мыңнан астам іс-шара өткізіліп, облыс тұрғындарынан 1200-ге жуық талап-тілек түсті. Біздің бағдарлама азаматтардың өзекті мәселелерінен және халықтың сұрақтарынан құрылған. «AMANAT» партиясында өңір тұрғындарының мәселелерін шешуге бағытталған барлық әлеуеті бар. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға негізделген жұмыс жоспары бар. Мен сіздерді 19-наурыз күні өз сайлау учаскелеріңізге келіп, «AMANAT» партиясы үшін және Павлодар облысынан Парламент Мәжілісіне кандидат Амантай Жарқынбек үшін дауыс беруге шақырамын, — деді Илья Теренченко.

Сонымен қатар, форум барысында Мәжіліске және мәслихаттарға үміткер азаматтар сахнаға шақырылды. Олар өздерін және сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, депутат болған жағдайда қолға алатын нақты істерге тоқталды. ҚР Парламенті Мәжілісіне бір мандатты сайлау округі бойынша «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған ең басты үміткерлердің бірі – Жарқынбек Амантай.

-Құрметті жерлестер, құрметті достар! 19 наурыз еліміз үшін ерекше тарихи сәт. Сол күні барлықтарыңызды сайлауға қатысуға және өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Себебі, Жаңа Қазақстанды сіз бен біз бірге құруымыз керек. Ендеше, нағыз істің партиясы, нағыз халықтың жанашыры болған Аманат партиясына және Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде ұсынылған маған дауыс беруге шақырамын, — деді Амантай Жарқынбек.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің бірі – Серік Жартыбаев. Ол Успен және Павлодар аудандары бойынша ұсынылған және өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдарды жаңғырту, білім, мәдениет, медицина салаларын дамыту мәселелерін көтеруде.

— Менің депутаттыққа ұсынылудағы басты мақсатым — ауыл мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жандандыру. Елді мекендерге мәдениет, медицина нысандарын салу және жаңғырту! Сонымен қатар, ауылдық жердегі қызметкерлердің жалақысын көтеру. Мұның бәрі менің сайлауалды бағдарламада қарастырылған, — деді Серік Жартыбаев.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Санира Жүсіпова залда көптеген жастардың болғанына назар аударды.

-Бүгінгі жиынға тек павлодарлықтар емес қаламыздың қонақтары да келді. Сіздердің әрқайсыларыңызды өз туған өлкеңізді шын жүректен сүйетін және қолдайтын адамдар деп білеміз. Негізі көптеген жас үміткерлер сияқты менде де қорқыныш болды. Бірақ сіздердің қолдауларыңыз бізге үлкен сенім ұялатты. Барлықтарыңызды 19 наурызда сайлау учаскелеріне келіп, дұрыс таңдау жасауға шақырамыз, — деді Санира Жүсіпова.

Айта кету керек концертке 2200-ге жуық адам қатысты. Мерекелік кеш өңірімізге белгілі әншілер Серік Ырысбек пен Мадия Бақтияровтың әнімен түйінделді.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.