Павлодарда бір күнде апаттар салдарынан алты адам жарақат алды

0
23 Қараша 2018, 11:33 165 0

Фото: tvc.ru

Астана, BAQ.KZ. Бір тәулік ішінде Павлодардың бірінші қалалық ауруханасына жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен алты адам жеткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бірінші жол-көлік оқиғасы Жетекші ауылы маңындағы тас жолында сағат 8:15-те болғанын мәлімдеді.

«Оқиға орнынан 49, 33 және 27 жастағы ер адамдар ауруханаға жеткізіліп, зардап шегушілерде бас сүйек-ми зақымы, кеуде соғылуы мен ми шайқалуы анықталған. ЖКО орнына апаттық медицинасы орталығының бригадасы барды. Екінші оқиға Үлкен айналма жол мен Суворов көшелерінің қиылысында 9:18-де тіркелді. Бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу мен бас терісінің зақымы диагнозымен 68 жасар ер адам ауруханаға жеткізілді, — дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Баспасөз хатшысы қала көшелерінде кешкі уақытта тағы екі көлік апаты болғанын айтты. Соның бірі бірінші қалалық аурухана маңында 18:07-де болды. Нәтижесінде әртүрлі жарақаттармен 76 жасар әже ауруханаға түсті.

Әлеуметтік желілерге апат туралы фотоларды жүктеген оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, зардап шеккен әже жолды жаяу жүргіншілер сызығымен өтпекші болған. Тағы бір жол-көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылы мен Толстой көшелерінің қиылысында болды. Соның салдарынан басына түскен жарақаттармен 30 жасар келіншек ауруханаға жеткізілді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ