Павлодарда бастауыш сынып мұғалімінен коронавирус анықталды

0

Павлодарда бастауыш сынып мұғалімінен коронавирус анықталды.

58 жастағы әйелге аурудың асимптоматикалық ағымы диагнозы қойылған. Павлодар облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпараты бойынша, әйел үйде амбулаториялық ем алады.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.

Бірақ бастауыш сынып мұғалімі жұмыс істейтін мектеп карантинге жабылмайтыны айтылады. Екі сынып, сондай-ақ мұғаліммен тығыз байланыста болған әріптестері үй карантиніне ауыстырылды дейді.

Өңірде қазіргі уақытта оқушылар арасныда коронавирустың 12 жағдайы тіркелген, бесеуі Шарбақты ауданында, біреуі Ақсу қаласында, қалғаны облыс орталығында.

kaz.tengrinews.kz