Павлодарда әйелімен ұрсысып қалған ер адам күтпеген әрекет жасады
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Оқиға Усолка өзенінде болған, үстіндегі қалың киімімен суға секірген ер адамды құтқарушылар байқап қалды
НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Павлодарда 36 жастағы ер адам әйелімен сөзге келіп қалған соң, өзенді жүзіп өтпек болған.
Бұл туралы жергілікті Павлодар-онлайн басылымы хабарлады.
Оқиға Усолка өзенінде болған. Ер адам үстіндегі қалың киіммен суға секірген. Өзенді жүзіп өтпек болған «қаһарманды» құтқарушылар байқап қалды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тез арада қайыққа мінді. Ерадамды құтқару станциясына әкеліп, құрғақ киім берді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ер адам үйіне өзі кетті.
sputniknews.kz