Павлодарда ағасының өлімі үшін кек алған ер адам 9 жылға сотталды — Қылмыс

0

Павлодар облысында ер адамды өлтіріп, кейін оның денесін жол бойына тастап кеткен ер адам 9 жылға сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, 30 жастағы ер адам ағасының өлімі үшін осылай кек алмақ болған.

Жандос Мұхамеджанов Ақсу қаласындағы дәмханада өзімен бірге отырған Дәурен Мүбәрәковқа «5 жыл бұрын ағамды өлтірдің» деп жұдырық ала жүгірген. Кейін қасындағы өзге сыбайластарымен оны көлік жүксалғышына салып әкетіп, шаһар сыртындағы зиратта сойылмен өлгенше сабаған. Ақыры оның денесін жол бойында тастап, іздерін суытыпты. Осы қылмыс үшін Мұхамеджанов 9 жылға сотталып, әрі марқұмның отбасына 4 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Телеарнадағылардың мәліметінше, Мүбәрәковтың артында үш баласы қалғанын айтқан ата-анасы, сот тым жеңіл шешім шығарды деп айқайға басты.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz