Павлодарда 84 жастағы әжей коронавирусты жеңді — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысының Екібастұз қаласының 84 жастағы тұрғыны коронавирусты жеңіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әжей

Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

Басқарманың хабрлауынша, науқас 4 маусым күні аурханадан шығарылған. Оның коронавирус жұқтырғаны 18 мамырда анықталыпты. Соңғы жасалған тесттің нәтижелері кейуананың аурудан толығымен жазылғанын көрсетіпті. Дәрігерлер, әжейді 14 күн бойы үй карантинінде болатынын жеткізді. 

Атап кетерлік жайт, Павлодар облысында 229 адам індетке шалдыққан. Олардың 160-ы кеселден толығымен айыққан. 

Соңғы деректеерге сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясын 12312 адам жұқтырған. 

 

stan.kz