Павлодарда 2,5 мың пәтер иесі газ баллонын қолдануға мәжбүр

0

Көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға заңмен тыйым салынған.

Павлодарда 2,5 мың пәтер иесі газ балонын заңсыз қолданып отыр. Құтқарушылар қанша рет ескерту жасаса да тұрғындар одан бас тартар емес, деп хабарлайды Zakon.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Пәтер-пәтерді аралаған мамандар осылай деп дабыл қақты. Халық отынның басқа түрін қолдану қымбат дейді. Биыл газға байланысты тұрғындардан 17 шағым түскен. Көпшілігі көршілердің құтыдағы көгілдір отынды қолдануына қарсы. Ал құлақ аспаған пәтер иелері үстінен әкімшілік іс қозғалып, 25 мың теңге айыппұл салынады.

Ренат Валишанов, қалалық ТЖБ бастығы:

Біз алғашқыда ҚР Әкімшілік кодексін бұзғаны туралы есекерту береміз. Өйткені, тұрғын газ баллонын басқа бір қуат көзіне ауыстырып алуы керек. Ал егер ол өрт қауіпсіздігін сақтамайтын болса, сотқа беруге мәжбүрміз. Сот оған арнайы шара қолданатын болады.

Көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға заңмен тыйым салынған. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазірдің өзінде мыңнан астам тұрғын газ тасымалдаушы фирмамен келісімге отырған.

Әлия Әбдіхалықова, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

Біз қазір халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бейнероликтер түсіріп, газды қолданудың қауіпті екенін айтып жатырмыз. Арнайы сайттар мен БАҚ беттерінде түсіндірмелер жүргізіліп жатыр. Өйткені, тұрғындар көпқабатты үйде газ баллонын қолданудың қауіпті екенін түсінуі керек.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz