Павлодарда 2,5 миллион теңгеге шоколад ұрлағандар ұсталды

0
168

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полицейлер 2,5 миллион теңге сомаға шоколад өнімін ұрлады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

– Жергілікті екі тұрғын жаңа жыл қарсаңында шоколад өніміне сұраныстың артатынын пайдала отырып, қылмыстық жол арқылы табыс табуды көздеген, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. – Олардың екеуі де ешбір жерде жұмыс істемейді. Бұрын олар шоколад өнімін көтерме-бөлшек саудамен айналысатын қалалық фирмалардың бірінде жұмыс істеген. Сондықтан қойманың аумағын және жұмыс кестесін жақсы білген.

Күдіктілер аз уақыттың ішінде үлкен көлемде және төмен бағамен сатып алушыларды тауып алған. Оларды қолайлы баға қызықтырған. Бұдан кейін кешкілік уақытта қойманың аумағына кіріп, құлыпты ақырын ашқан. Шоколад салынған 98 қорапты 1 млн теңгеге сатқан.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/