Павлодар, Қостанай және Семей мектептерінде сабақ тоқтатылды
Аталған өңірлерде ауа температурасы минус 33° төмендеген.
Еліміздің бірақат қалаларында мектеп оқушыларына сабақ тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облыстық Білім басқармасының ақпаратынша, бірінші ауысымда білім алатын 1-11 сыныптың оқушыларына сабақ өтілмейді.
Қостанайда бірінші ауысымда оқитын 0-9 сыныптардың оқушылары да үйлерінде болмақ. Облыста ауа-райының сынап бағанасы 20-30° төмендеп, секундына 18 метр жел соғады деп күтіледі.
Ал Семей мен Риддерде бірінші ауысымда білім алатын 1-9 сынып оқушыларына да сабақ тоқтатылды. Ауа-райы минус 27° көрсетіп тұр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/