Павлодар облысының полиция басшысы қызметінен кетті

0

Ішкі істер министрлігінің басшысы Павлодар облысы полиция департаментінің жаңа бастығын өзі таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қызметін ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында жалғастырады.

Президент әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Павлодар облысы полиция департаменті бастығы болып Нұрлан Мәсімов тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.


©
Photo : ІІМ-нің баспасөз қызметі

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болып Нұрлан Мәсімов тағайындалды

Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов 1973 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. 9 жыл бойы Алматы облысының және Алматы қаласының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер министрлігі орталық аппаратының департаментін басқарды.

Сонымен бірге полиция департаменті бастығының орынбасары болып полковник Фархад Омаров тағайындалды.

Министр жаңа басшыларды жаңа қызметімен құттықтап, полиция алдындағы міндеттерді атап көрсетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз