Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: өрттен аман қалған мерейтой қонақтары оқиғаның мән-жайын айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысының Ақсу қаласында орын алған кең ауқымды төтенше жағдай екі адамның өмірін алып кетті. Бұдан бөлек 12 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. 50 жастағы ер адам әйелінің мерейтойында өзін-өзі өртеп жіберіп, тірідей жанып кетті. Сондай-ақ, өзін өртеген азаматтың әйелі де сол өрттің құрбаны болды. 45 жастағы әйел өрт кезінде алған күйіктің салдарынан аурухана төсегінде жан тапсырды, деп жазады Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: өрттен аман қалған мерейтой қонақтары оқиғаның мән-жайын айтып берді

Кеше ғана мерейтой өткен үйдің бүгінгі сұрқы адам қараусыз. Қабырғасы құлайын деп тұрған үйдің ішінде өртенген жиһаздар ғана қалды. Мерейтойға келген қонақтардың ешқайсысы мереке дәл осылай қайғылы жағдаймен аяқталады деп ойлаған жоқ. 

Себебі, үй иесі туған күнін жақындарының арасында жап-жақсы, көңілді атап өтіп отырған еді. Кенеттен күйеуі бөлмеге кіріп келіп, балаларды сыртқа шығаруын сұрап, сосын үстіне бензинді құйып, сіріңкені тұтатып жіберген. Бөлмеде болған қонақтардың барлығы отты өшіруге тырысып, ақыр аяғында 13 адам күйікпен ауруханаға түсті. Ал, өзіне бензин құйып жіберген үй иесі тірідей жанып кетті.

8 адам, оның ішінде бес бала улы газға тұншығып қалды. Тағы бес ересек адам ауыр жарақат алды, яғни денелерін 3 дәрежелі күйік шалған. Өзін өртеп жіберген үй иесінің 45 жастағы әйелінен басқасының барлығы Павлодар ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді. Ал, туған күн иесінің денесі өкінішке орай, түгел дерлік күйіп кеткен.

«1974 жылғы әйелдің денесінің 80%-ын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, сондықтан бірінші қалалық аурухананың күйік бөліміне ауыстыру мүмкін болмайды»,- деген болатын Ақсу қалалық ауруханасының бас дәрігері Надежда Здоровова.

Жәбірленуші дәрі-дәрмекті комаға қойылды. Бірақ, дәрігерлердің жасаған күш-жігеріне қарамастан, 16 сағаттан кейін науқас ауыр соққыға төтеп бере алмай, жүрегі тоқтап көз жұмды. Бұл мерейтойға келген Александр Бобыкин де өрттің құрбаны бола жаздады. Өртеніп жатқан киімін қалай үстінен шешкенін ешқашан ұмыта алмаспын дейді, ол. 25 жастағы жігітті туған күнге қайтыс болған ер адамның ұлы шақырған екен.

«Жап-жақсы отырдық. Бәрі дастархан басында тыныш тамақ ішіп отырған. Бір уақытта әкесі жұмыстан келді. Оларда бәрі жақсы болатын. Бақытсыздық болатындай ештеңе болған жоқ. Ол екі рет шығып, шылып шегіп келді. Сосын аяқ асты кіріп келіп, үстіне бензин  құйып жіберді. Балаларды далаға шығарып жібергеніміз қандай жақсы болды. Содан бәрі оның қолынан оттығын тартып алуға жармасты, бірақ от лапылдап тұтана кетті», -дейді Александр Бабыкин.

Өзін өртеп жіберген ер адамның  пәтер иелерінің кооперативінде дәнекерлеуші болып жұмыс істегені белгілі. Көршілері оның бойынан ешқандай жаман қасиет байқалмадық дейді. 

«Жақсы отбасы болған. Көршілер секілді сәлеміміз түзу болды. Бақшада кездесіп қаламыз. Бірақ, мен олардың үйіне көп кірген емеспін»,- дейді көршілері Бибігүл Арынова.

Естеріңізде болса, Ақсуда өзін-өзі өртеген ер адамның әйелі де қайтыс болды деп хабарлаған едік.

stan.kz