Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

0
181

Тағы үш адам әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының жанында жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

— Бүгін сағат 10.27 шамасында «Омбы — Майқапшағай» тас жолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. «Ford» және «Honda» маркалы автокөліктерінің қатысуымен тіркелген жол апатында «Honda» темір тұлпарында отырған екі адам көз жұмды, — дейді департаменттегілер.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz