Павлодар облысында студенттің қолынан оққа ұшқан оқушы бір көзінен айырылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысында жараланған оқушының көзін сақтап қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды КТК.

Павлодар облысында студенттің қолынан оққа ұшқан оқушы бір көзінен айырылды

Оқушыға пневматикалық қарудан оқ тиіп, бір көзінен айырды. Дәрігерлер баланың көзін сақтап қалу мүмкін емес деп отыр. 

Оқушынің жарақат алған уақытта-ақ көзі көрмей қалған. Оны Алматыға ауыстырудан еш қайран жоқ. Енді тек қана жоспар бойнша тиісті ем алуы керек. Колледж студенті қаруды тауып алғанын, оқушыны атам деп ойламағанын айтты. Қарудың оғы темір қақпадан өтіп 14 жастағы балаға тиген. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, коллледж студенті оқ атып, оқушыны жарақаттады. Ал зардап шеккен баланың туыстары оған оқ әдейі атылуы мүмкін деп күдіктенеді. 

stan.kz