Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінен ұсталды – Ел жаңалықтары

0
74

Павлода облыстық мемлекеттік мұрағат басшысы қызметін атқарушы пара алу кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Павлодар облыстық департаменті азаматтың арызына байланысты Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағат басшылығының тарапынан заңға қайшы әрекеткерге барғаны туралы кешенді жасырын жаралар жүргізді», – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

«Нәтижесінде 21 қарашада меммұрағат басшысы қызметін орындаушысы алдын ала келісілген 500 мың теңгенің бір бөлігі 50 мың теңге пара алу кезінде қолма-қол ұсталды. Бұл қаражатты алу себебі меммұрағатқа жасалған жөндеу жұмыстары барысында жасалған олқылықтарды жасыру үшін алмақшы болған», – деді ол.

Кінәсін толықтай мойындаған шенеунік қамауға алынбаған.

Тергеу жалағсып жатыр.