Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінен ұсталды — Ел жаңалықтары
Павлода облыстық мемлекеттік мұрағат басшысы қызметін атқарушы пара алу кезінде ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Павлодар облыстық департаменті азаматтың арызына байланысты Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағат басшылығының тарапынан заңға қайшы әрекеткерге барғаны туралы кешенді жасырын жаралар жүргізді», — дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.
«Нәтижесінде 21 қарашада меммұрағат басшысы қызметін орындаушысы алдын ала келісілген 500 мың теңгенің бір бөлігі 50 мың теңге пара алу кезінде қолма-қол ұсталды. Бұл қаражатты алу себебі меммұрағатқа жасалған жөндеу жұмыстары барысында жасалған олқылықтарды жасыру үшін алмақшы болған», — деді ол.
Кінәсін толықтай мойындаған шенеунік қамауға алынбаған.
Тергеу жалағсып жатыр.