Павлодар облысында қоластындағы қызметкерлерге қырындаған мектеп директоры ұятқа қалды

0
116
Сурет: http://pavlodarnews.kz/

Павлодар облысында білім беру саласындағы біраз былықтың беті ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаев Екібастұздағы қызметкерлеріне қырындаған мектеп директорына қатысты іс туралы айтты.

«Екібастұздағы директорға қатысты әкімшілк іс қозғалды. Әкімшілік кодекстің 409-бабы бойынша барлық жауап алынды. Біздің тарапымыздан директорға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», – деді Еркімбек Аязбаев.

Оның айтуынша, түскен шағымдар бойынша өткен жылы баласының сабаққа қатысуын қамтамасыз етпеген бір ата-анаға шара қолданылған.

Сондай-ақ, Ақсуда «Педагог мәртебесі туралы» заңды бұзған директорға шара қолданылған. Ол бірнеше педагогты міндеттеріне жатпайтын мектеп ауласын абаттандыру жұмысына тартқан. Мектеп директорына әкімшілік кодекс бойынша ескерту берілген.