Павлодар облысында ормандағы өрт аумағы мың гектарға жетті

0

Павлодар облысында дала орман шаруашылығындағы өрт аумағы 1 мың гектарға жетті, деп хабарлайды KzNews облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Шарбақты ауданында, Галкин ауылдық округінде дала орман шаруашылығы аумағында, No 46, 47, 48, 49, 64-73 кварталдарында өрт болып жатыр. Орманды алқапта құрғақ шөптер мен ағаштардың (қарағайдың), эрозияға ұшыраған дақылдардың жануы, өрттің жалпы аумағы 1 мың га құрайды. Оның ішінде орманды алқап шамамен 300 гектарды құрайды », — делінген хабарламада.

Өрт болған жерде 45 техника мен 183 жеке құрам жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде өрттің шамамен аумағы 300 гектарға жуық екені хабарланған болатын .