Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі 19 адамға арба берілді

0

Бұл күндері АҚШ-тың «LDS Charites» қайырымдылық қоры және қазақстандық «Тәуелсіз өмір «ДОС» орталығы» қайырымдылық бірлестігі мен «Уақып» қайырымдылық қоры еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға 300-ден астам арбаны тегін сыйға беруде.

Өңірдегі арбаға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген 21 арбаның 19-ы «LDS Charites» қайырымдылық қорынан берілді.

 Ал, қалған екі арбаны «Тәуелсіз өмір «ДОС» орталығы» қоғамдық бірлестігі арқылы алынды.

Бірлестіктің атқарушы директоры Анар Омарованың айтуынша,  «DOS Ortopedia» атты арбалар қазақстандық алғашқы бренд. Оның стандартты және электронды түрі бар.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасының мәліметінше, арамызда  бюджеттің көмегі арқылы арба ала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес.

Сондықтан, бірнеше жыл өтініш беріп күтуде. Жоба туралы естіп, өздері хабарласуда. Қайырымдылық жоба аясында бұл құралдарды бұған дейін арбасыз жүргендер және арбасы ескіргендер де алды.

Жалпы, өңірімізде бюджет есебінен 2017жылы  1500-ге жуық адамға арба берілсе, өткен жылы кезекке 400-ге жуық адам тұрған.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Оразбек Саяхат

 

Дереккөз: http://egemen.kz/