Павлодар облысында мектептің қасында 19 жастағы мұғалім зорланды — Қазақстан жаңалықтары
Павлодар облысында бұрынғы ауыл әкімдігінің ғимаратында 19 жастағы мұғалім зорланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Майқарағай ауылының тұрғындары оқиға туралы айтып берді. Жұрт жақында оларға көрші ауылдан жас мұғалім келді дейді.
«Бізде мектепте мұғалімдер жетіспейді, ол біздің балаларымызға сабақ беруге келісті. Сабырлы, сыпайы қыз үлкен жоспарлар құрып жүрген. Ол өзінің жұмысын жақсы көретіні және оқушыларына ең жақсысын бергісі келетіні түсінікті», — дейді ауыл тұрғындары.
Алайда, мұғалімнің жергілікті оқу орнында жұмыс істейтіні қазір белгісіз. 25 ақпанда кешке оған шабуыл жасалып, аяусыз зорланған.
«Ол сабаққа дайындалу үшін мектепке кетті, өйткені ғаламтор тек қана сол жерде болған. Кенеттен көлік алдынан шыққан, онда бірнеше адам болды. Олардың бірі біздің ауылдың тұрғыны. Ол көліктен түсіп, қыздың артынан кетті. Мектептің жанында орналасқан бұрынғы әкімдіктің ғимаратына сүйреп апарып, сол жерде зорлады», — дейді тұрғындар.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жас мұғалімге зорлық көрсеткен ер адам ұзақ уақыт бойы бүкіл ауылды қорқынышта ұстап келе жатыр екен.
«Ол мал ұрлығымен әйгілі. Ол мал ұрлағаны үшін бірнеше рет ұсталды. Бірақ полиция әрқашан қылмыстық істерді жауып тастады. Ол психикалық ақаулары бар қызды зорлаған кез де болған, бірақ полиция оның келіскенін айтты, біз бұған сенбейміз», — дейді тұрғындар.
Полиция зардап шеккен мұғалімнен арыз түскенін растады.
«Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Бірқатар сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат әлі ашылған жоқ.
«Сонымен бірге, полиция кінәсі әлі дәлелденбеген адамды кінәлаудан аулақ болуды сұрайды. Сонымен қатар, Аққулы ауданының тұрғыны Қ-ға 2016 жылдан 2018 жылға дейін үш рет мал ұрлағаны үшін үш рет жауапқа тартылғанын хабарлаймыз. Істер тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды», — деді облыстық баспасөз қызметі.
stan.kz